Исламда Пайғамбар


АДАМЗАТ ҮШІН ҚҰДІРЕТТІҢ ЖОЛ КӨРСЕТУІ: ПАЙҒАМБАРЛЫҚ

Барлық ғаламның жаратушысы, иесі және билеушісі болған Алла Тағала шексіз әлемнің біз өмір сүріп жатқан бұл бөлімінде адамды міндетті етіп жаратты. Оған білу, ойлау және түсіну қабілетін, жақсылық пен жамандықты ажырату қасиетін, таңдау және еркіндік қолдану құқығын берді. Басқару мүмкіндігін сыйлады. Қысқаша айтқанда, адамға еркіндік беріп, жер бетіне халифасы ретінде жіберді.

Бұл дүниеде адамның еркін таңдауына берілген екі жол бар: біреуі – хақ жолы, екіншісі – жалған жол. Хақ жол Алланың жолын, ал жалған жол Шайтанның жолын білдіреді. Алла Тағала адамның тура жолды табуы үшін оларға жол көрсетуші ретінде иләһи хабарлар мен сол хабарларды жеткізіп, оны өмірімен дәлелдейтін пайғамбарларды жіберген. Егер адам хақ жолды таңдаса, бұл дүниеде тыныштық пен татулыққа қол жеткізіп, ақыретте мәңгілік жұмаққа ие болады. Ал егер Шайтанның жолын таңдаса, бұл дүниеде қиыншылықтарға тап болып, ақыретте тозақ азабына душар болады. Адамның бұл таңдауды Алланың жолына арнауына Ислам деп айтылады.

Ғаламның билеушісі адамзатты осындай іліммен бұл дүниеге орналастырды. Алғашқы адамдарға (Хазіреті Адам мен Хауа) жер бетінде қалай өмір сүру керектігі жайында бұйрықтар берді. Бұл алғашқы адамдар надандықтың қараңғылығында өмірге келген жоқ. Керісінше, олар білімді болып жаратылды. Олар кейбір ақиқаттарды білетін еді. Өмірдің кейбір заңдылықтарын үйренді. Олардың өмір салты – Аллаға бағыну, яғни Ислам болды. Олар өз балаларын да «мұсылман» болуға, яғни Аллаға бағынуға үйретті.

Ислам нығметі әр дәуірде адамға екі қайнардан ғана келген: бірі – Алланың сөзі, екіншісі – Алланың пайғамбарлары (оларға Алланың сәлемі болсын). Бұл пайғамбарлар тек Алланың сөзін жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге, оны қалай жүзеге асыру керектігін көрсетіп, басқаларға үлгі болу үшін жіберілді. Алғашқы пайғамбар – Хазіреті Адам болса, соңғы пайғамбар – Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) болды.

Құран Кәрімде есімі аталған пайғамбарлар мыналар:

  • Хазіреті Адам (ғ.с.)
  • Хазіреті Идрис (ғ.с.)
  • Хазіреті Нұх (ғ.с.)
  • Хазіреті Һуд (ғ.с.)
  • Хазіреті Салих (ғ.с.)
  • Хазіреті Ибраһим (ғ.с.)
  • Хазіреті Исмаил (ғ.с.)
  • Хазіреті Лұт (ғ.с.)
  • Хазіреті Исхақ (ғ.с.)
  • Хазіреті Яқуб (ғ.с.)
  • Хазіреті Юсуф (ғ.с.)
  • Хазіреті Әйюб (ғ.с.)
  • Хазіреті Шуайб (ғ.с.)
  • Хазіреті Мұса (ғ.с.)
  • Хазіреті Һарун (ғ.с.)
  • Хазіреті Дәуіт (ғ.с.)
  • Хазіреті Сүлеймен (ғ.с.)
  • Хазіреті Зұлкифл (ғ.с.)
  • Хазіреті Ілияс (ғ.с.)
  • Хазіреті Әлиаса (ғ.с.)
  • Хазіреті Юнус (ғ.с.)
  • Хазіреті Зәкәрия (ғ.с.)
  • Хазіреті Яхия (ғ.с.)
  • Хазіреті Иса (ғ.с.)
  • Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)

Бұлардың сыртында Хазіреті Узайыр, Хазіреті Лұқман және Хазіреті Зұлқарнайын есімдері аталған, бірақ олардың пайғамбар болған-болмағаны белгісіз.

Пайғамбарлар Құранның мақсатына жету үшін адамдардың өмірін реттеп, қоғамдық қатынастарды түзетуге жауапты болды. Құран мен пайғамбарды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар бір-бірімен тығыз байланыста.

Бүгінгі таңда да Ислам нығметіне қол жеткізу үшін осы екі қайнарға жүгіну қажет: бірі – Құран Кәрім, екіншісі – пайғамбардың сүннеті.

Дереккөз: Мевдуди, “Тарих бойы таухид күресі және пайғамбар өмірі”

Related posts

ИСЛАМДА КІТАПТАРҒА ИМАН ЖӘНЕ ҚҰРАН-КӘРІМ

ИСЛАМДАҒЫ КІТАПТАРҒА СЕНІМ ЖӘНЕ ҚҰРАН

ИСЛАМДАҒЫ ПЕРІШТЕЛЕРГЕ СЕНІМ